Оқытудың инновациялық әдістері

Уақыты: 11.02.2025
Оқылды: 335
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ауылдық жерлерде білім беру сапасын арттыруға бағытталған «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жалғасуда.

Бұл жобаны заманауи білім беру тәжірибелері мен әдістемелерін таратуда шешуші рөл атқаратын Назарбаев Зияткерлік мектептері қолдайды.

Бұл жолы Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары Панфилов, Алакөл және Көксу аудандарының ауылдық мектептері үшін оқыту семинарын өткізді. Семинар аясында жаратылыстану-математикалық цикл сабақтары көрсетілді, бұл қатысушыларға оқытудың жаңа тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді.

Семинарға қатысушылар сабақта оқушылармен жұмыстың әртүрлі формалары мен түрлерін байқай алды. Мысалы, Раушан Шентемирова жүргізген химия сабағында «Галоген реакциясы» тақырыбында 9 - сыныпқа арналған зертханалық сабақтар көрсетілді.

— Біз смарт-мақсаттардың критерийлерін құрастыруды көрдік. Смарт-мақсаттарды қалыптастыру мен үшін өте пайдалы болды, — деп Алакөл ауданы А.Байтұрсынов орта мектебінің мұғалімі Анна Филимонова атап өтті.

— Бірнеше сабаққа қатысып, үлкен көлемдегі ақпарат алдық. Білімді өзектендірудің жаңа тәсілдері туралы білдік, Марк схемасы бойынша оқушылардан кері байланысты көрдік, — деді Алакөл ауданы А.Байтұрсынов орта мектебінің мұғалімі Қарлығаш Әбілбекова.

«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу процессі. Осы бағыттағы қолдау ауылдық жерлерде білім беру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

«Жетісу-Ақпарат»