Оқи отырыңыз
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауруханадан шықты. Ол туралы өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.
- Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл білдірген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс білдіремін.
Ал, ақ халатты абзал жандарға айтар алғысым ерекше. Олардың ерлікке теңерлік еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым, - деген облыс басшысы енді жұмысқа кірісетінін жеткізді.
- Енді жұмысқа кірісіп, сіздермен бірге індетпен күресті жалғастырмақпын. Бір жеңнен білек шығарып қана осы дерттің бетін қайтара аламыз. Өздеріңізге және жақындарыңызға саулық тілеймін, - деді Амандық Ғаббасұлы.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"