ҚИЫН СӘТТЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗҒАН...

Уақыты: 17.07.2020
Оқылды: 1493
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Әлемді дүрліктірген пандемия басталғалы Ұйғыр ауданында індетінің таралуына байланысты бірқатар шаралар ұйымдастырылып, жомарт жүректі кәсіпкерлер ел үшін жанашырлық танытуда.


Солардың бірі «МТ-ФАРМ» ЖШС-нің басшысы, Адамбеков Абылжан Адилханович  14 түрлі дәрі-дәрмекті  аудандық  ауруханаға  табыстады. Аталған дәрілер шалғай жатқан  ауылдардағы медициналық мекемелерге үлестіріледі. 

Қазіргідей қиын сәтте аудан халқына көмек қолын созып, талай адамның өміріне араша болуға өз септігін тигізіп отырған кәсіпкерлерге аудан әкімі шынайы ризашылығын білдірді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"