ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ӨЗ ЕРКІМЕН ҚЫЗМЕТ ОРНЫН БОСАТТЫ

Уақыты: 14.02.2021
Оқылды: 969
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысындағы ғана емес, еліміздегі ең ірі өңір - Еңбекшіқазақ ауданында ешкім күтпеген оқиға болды. Қуанышбек Қашқымбаев өз еркімен Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен кетті. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. "Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметтік орнын босатты. Аудан әкімі 2021 жылғы 12 ақпандағы актив жиынында әріптестеріне қызметінен өз қалауы бойынша кететіні туралы хабарлады, сондай-ақ, әріптестеріне қысқа уақыт аралығындағы жұмысы үшін алғыс айтып, барлығына алдағы уақытта табыс тіледі", - делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, Қуанышбек Қалиұлы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі лауазымды қызметін 2020 жылдың 2 шілдесінен бастаған болатын.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"