ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА 132 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРАЖАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Уақыты: 24.03.2021
Оқылды: 1041
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жамбыл ауданында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Аудандағы халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, аталған бағдарлама бойынша өткен жылы 2459 азамат жұмысқа орналасты. Оның 2220-сы тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмыссыз ретінде тіркелгендер арасынан 1060 адам қоғамдық жұмысқа жіберілсе, 151-і әлеуметтік жұмыс орындарына, ал 118 азамат жастар тәжірибесіне тартылып, 90 жас маман тұрақты жұмысқа тұрды. Сонымен қатар, 156 адам кәсіптік оқудан өтіп, оның 149-ы тұрақты жұмысқа орналасты.

Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағыты аясында кәсіпкерлік негіздеріне “Бастау бизнес” оқуын 309 азамат оқып бітіріп, оның 162-сіне шағын несие берілді. Ал “Жаңа бизнес” идеяларын іске асыру аясында 132 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа (кәсібін дамыту үшін қаражат алу) ие болды.

Ауданда былтыр 3647 жаңа жұмыс орны ашылды. Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша 2020-2021 жылдарға арналған “Жұмыспен қамту жол картасы” шеңберінде де бірқатар жұмыс жүргізілді.

Бұл орайда 62 жоба бойынша 1352 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланып, 804 азамат жұмысқа орналасты. Оның ішінде 402 адам жұмыспен қамту орталығымен, ал 402 азамат жұмыс берушілер арқылы жұмыс тапты. Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 497 отбасына, 2626 адамға тағайындалды.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

Алматы облысы

Сурет - ғаламтордан