ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІН ӨЗГЕРТТІ

Уақыты: 30.03.2021
Оқылды: 1299
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Көксу, Талғар аудандарының және Қапшағай, Талдыкорган қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары және мамандандырылған ХҚО-лары алдын ала брон бойынша қабылдайды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Карантин шараларының күшейтілуіне байланысты Алматы облысының ХҚО-лары азаматтарды тек алдын ала бронмен қабылдайды. Бұдан бұрын клиенттерді брон арқылы Алматы қаласының ХҚО-лары қабылдай бастаған болатын.

- Бас санитардың қаулысы – клиенттеріміз бен қызметкерлерімізді вирустан қорғауға мүмкіндік беретін мәжбүрлі шара. Бұл шешімге қазақстандықтар түсіністікпен қарайды деп ойлаймын және ерекше қажеттілік болмаса, азаматтарды ХҚО-ға бармауды сұраймыз. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтердің 80 пайыздан астамын eGov.kz және eGov mobile мобильдік қосымшасында онлайн алуға болатынын еске салғым келеді. Жақындарыңыз бен өзіңізге сақ болыңыз! - дейді Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері.

Кезекті бірнеше минут ішінде egov.kz порталы, egov mobile қосымшасы, egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-боты, сондай-ақ, 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға болады.

Клиентке брондау кезінде өзінің жеке деректерін толтырып, өңірді, ХҚО бөлімін, келу уақыты мен күнін таңдау қажет.

Көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер немесе мүгедектігі бар адамдар ХҚО-ға кезекті брондау барысында «Жеңілдік терезесін» таңдай алады. Сондай-ақ, егер ХҚО-ға бір барғанда бірнеше мемлекеттік қызмет түрін рәсімдеу қажет болса, порталдан тиісті бағдарды таңдау қажет.

Азаматтарға арналған үкімет ХҚО-ға брондалған уақыттан 10-15 минут бұрын келуге және барлық санитарлық талапты сақтауды сұрайды. Өңірлердің санитар дәрігерлерінің қаулысы бойынша ХҚО-лар дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі күні қысқартылған кесте бойынша қабылдайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"