ОБЛЫСТА БІРІНШІ САНАТТАҒЫ ТАУЫҚ ЖҰМЫРТҚАСЫНЫҢ БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕДІ

Уақыты: 09.04.2021
Оқылды: 1090
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жұмыртқа бағасының төмендегенін хабарлады.

Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді жұмыртқамен қамтамасыз ету мақсатында "Көгер ЛТД" ЖШС құс фабрикасы өндіретін "АҚ-құс" сауда маркасының бірінші санаттағы тауық жұмыртқасының бағасы жемшөптік (күнбағыс және соя шроты, соя бұршағы және басқа), гофротара және басқа шығындар бағасының қымбаттауы жалғасып отырғанына қарамастан ағымдағы жылдың 26 наурызынан бастап 3 пайызға төмендетілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"