ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ "АВТОЦОН" АЛДЫН АЛА БРОНМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Уақыты: 25.04.2021
Оқылды: 2661
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Талдықорған қаласы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету бөлімі алдын ала брондау бойынша қызмет көрсетеді. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Аталған шараға түсіністікпен қарауыңызды және шұғыл қажеттіліксіз МХҚБ-не (автоцон-ға) бармауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді eGov.kz порталынан және Каспий қосымшасы арқылы алуға болатынын еске саламыз.

Алдын ала брондау жасау өте оңай: egov.kz порталында, egov mobile қосымшасына, egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-боты арқылы, сондай-ақ, 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, жеке деректерді, өңірді, ХҚО бөлімін, баратын күні мен уақытты көрсету қажет.

Дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 16.30-ға дейін құжат қабылдайды, дайын құжаттарды беру секторы сағат 18.00-ге дейін (сенбі күні қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді) жұмыс істейді. Отбасыңызға және өз денсаулығыңызға сақ болыңыз!

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"