ҚИЫН ЖАҒДАЙҒА ҰШЫРАҒАН АНАЛАРҒА КӨМЕКТЕСЕТІН ОРТАЛЫҚ БАР

Уақыты: 28.04.2021
Оқылды: 1347
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Талдықорған қаласындағы "Ана Үйі" қоғамдық қоры қиын жағдайға тап болған және баладан бас тартуға ниет білдірген, 18 айға дейінгі баласымен немесе жүктіліктің 3-ші триместріндегі 30 жасқа дейінгі қыздарға көмек көрсетуде. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Көмектің түрлері: 6 айға дейін Ана Үйінде тұру, психологиялық қолдау, медициналық көмек көрсету, қажетті құжаттарды қалпына келтіру, жәрдемақы рәсімдеу, іс-тәжірибеден өту, жұмысқа орналасуға көмек беру.

Қоңырау шалу тегін. Телефон нөмері: 8 800 080 77 71.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"