"АВТОЦОН" СЕРВЕРІНДЕ АҚАУ ПАЙДА БОЛЫП, ТҰРҒЫНДАР РЕНІШІН ТУДЫРДЫ

Уақыты: 30.04.2021
Оқылды: 1401
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Көлік құжаттарын рәсімдеуге арналған Авто халыққа қызмет көрсету орталықтарында техникалық ақау пайда болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Өкінішке қарай, ағымдағы кезеңде ескірген жабдыққа жүктеме салдарынан АвтоХҚО (АвтоЦОН) серверлерінде техникалық проблемалар бар. Арнайы мамандар туындаған жағдайды жоюда. Қызметті алуға тиіс клиенттер - дүйсенбіде берілген бронь бойынша қайта рәсімдей алады. Уақытша қолайсыздықтар туындатқаны үшін кешірім сұраймыз!" - делінген қызмет көрсету орталығы таратқан ресми түсініктемеде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"