СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ: ӘКІМДІК ШЕШІМІ

Уақыты: 30.04.2021
Оқылды: 1104
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жеңіс мерекесінің 76 жылдығына орай Алматы облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің әрқайсысына 1 миллион теңгеден бір реттік материалдық көмек беріледі. Ол үшін облыстық бюджеттен 41 миллион теңге бөлінді. Бұл жайында Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегінше, 2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша өңірде 41 соғыс ардагері тұрады, оның 24-і - қатысушы, 17-сі - соғыс мүгедегі. Жеңістің 76 жылдығына орай олардың әрқайсысына 1 миллион теңгеден материалдық көмек беру үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Сонымен қатар, Жеңіске үлес қосқан 15 санаттағы ардагерлерге де 30 мың, 60 мың, 100 мың теңге көлемінде бір реттік төлем беру жоспарланған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"