ҚАРТТАР ЖАЙЫНА КӨҢІЛ БӨЛІНДІ

Уақыты: 13.06.2021
Оқылды: 1003
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

«Жетісу медиа» ақпараттық алаңында «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын жүзеге асыруға арналған брифинг өтті. Онда қарттарға арналған медициналық әлеуметтік мекемелердің жай-күйі сөз болды.

Баспасөз мәслихатына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіру бөлімінің басшысы  Ақзира Нұрдуллаева, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы  Әйгерім Төлегенқызы және «Алпамыс» психофизикалық дамуында ауытқулары бар мүгедек балаларды қамқорлыққа алу жөніндегі ата-аналар қауымдастығы» ҚБ басшысы Гульгана Назырова  қатысты.
– Стационар жағдайында қызмет алушылардың жеке басына қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, қоғамда өзара әрекеттесу кезінде барлық жағынан қолдау сақталуы керек. Дәл осы міндеттердің мінсіз атқарылуын бақылау мақсатында мониторингтік топ құрылған болатын. Олар медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарт адамдардың жағдайына мониторинг жүргізді, – деген Ақзира Нұрсәулеқызы тексеріс Текелі қаласындағы «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жүргізілгенін айтты.
Мониторинг нәтижесінде «Шапағат» орталығында мерекелік шаралар өткізілетін арнайы мәжіліс залының жоқтығы, Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ішіндегі жиһаздарды ауыстырып, қар мен жаңбырдан қорғайтын арнайы шатыр орнату керектігі анықталды, жалпы алғанда ғимаратты жөндеуден өткізу қажеттілігі туындап тұр. 

Шолпан БИҒОЖАНОВА,
І. Жансүгіров атындағы ЖУ-дің студенті