ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА ГРАНТ БӨЛІНУДЕ

Уақыты: 17.06.2021
Оқылды: 1032
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Егеменді еліміздің алғышартының бірі – өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет етсе, оған жету жолында жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде университеттердің алдына жаңа міндет қойылып отыр. Сол саладағы міндеттерді іске асыру үшін әр білім ошағы күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді өз тәжірибесіне енгізіп отырады. 

«Jetisý Media» ақпараттық алаңының ұйымдастыруымен «Жоғары білім сапасын арттыру, Жетісу университетінің жетістіктері» тақырыбында брифинг өткізілді. Шараға І. Жансүгіров атындағы ЖУ ректоры Қуат Баймырзаев қатысып, осы жылы Жетісу университеті республикалық және жергілікті гранттардан бөлек дарынды балаларға тегін гранттар бөлінетіні жайында айтып кетті. Сонымен бірге, ол өз сөзінде университеттің жетістіктері мен жоспарлары туралы сөз қозғады.

Бүгінгі таңда университет қазақстандық көпбейінді ЖОО рейтингіде 9-шы орында тұр және ЖУ дамушы Еуропа мен Орта Азияның ТОП-250 үздік жоғары оқу орындарының қатарына кірді. Сонымен қатар, QS WorldUniversityCentralAsia 2020 рейтингіде 250, ЖОО ішінен 241-ші орынды иеленді. 
Жыл сайын университет жаңа инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеп енгізеді. 2020-2021 оқу жылында университеттің жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларының үлесі 8,5% құрады. 

Назым НҰРӘДІЛ,
І. Жансүгіров атындағы ЖУ-дің студенті