АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҮШ САҒАТТА 40 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Уақыты: 25.07.2021
Оқылды: 859
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында үш сағат ішінде сайлаушылардың неше пайызы дауыс бергені туралы ақпарат жарияланды. Бұл жайында "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 10-ге дейін сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 17 пайызы алып үлгерген немесе 38 мың 783 адам дауыс берген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"