АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰС ФАБРИКАЛАРЫ ЖҰМЫРТҚА БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТТІ

Уақыты: 25.11.2021
Оқылды: 1211
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысындағы екі құс фабрикасы монополияға қарсы департаменттің хабарламасынан кейін жұмыртқа бағасын төмендетті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті тауық жұмыртқасын өндіру және сату нарығына талдау жүргізді. Талдау жүргізу барысында «Қазақстан құстары» ЖШС және «Когер ЛТД» ЖШС іс-әрекеттерінде С-1 санатындағы тауық жұмыртқаларына баға белгілеу бойынша келісілген іс-әрекеттерде көрініс тапқан бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілері анықталды.

Анықталған белгілердің негізінде өндірушілердің атына өз өнімін өткізу кезінде келісілген іс-әрекеттер жасаудан бас тарту, тауық жұмыртқасына экономикалық негізделген бағаны белгілеу жолымен монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректерін жою қажеттігі туралы хабарламалар шығарылды.

Қазіргі уақытта құс фабрикалары хабарламаларды орындады. С-1 санатындағы жұмыртқаларды сату бағасы «Когер ЛТД» ЖШС-де 12,5 пайызға, «Қазақстан құстары» ЖШС-де 3,2% пайызға төмендеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"