АВТОМОБИЛЬДЕРДІ РӘСІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЙТАДАН ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ

Уақыты: 17.01.2022
Оқылды: 1246
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Талдықорған қаласының автомобильдерге құжат бойынша қызмет көрсету орталығы (автоЦОН) және аудандағы секторлар жұмысын қайта бастады.

17 қаңтардан бастап Алматы облысының мамандандырылған ХҚО-лары жұмыс істей бастады. Жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).

Ескерте кетейік, мемлекеттік қызметтердің 80 пайыздан астамын онлайн алуға, сондай-ақ, автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта рәсімдеуге болады. АвтоХҚО-ларда  кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес береміз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"