КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ТӨРТ ДҮКЕН БАР

Уақыты: 22.01.2022
Оқылды: 1325
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Кербұлақ ауданында қазір барлық азық-түлік дүкендері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Азық-түлік тапшылығы жоқ. Дүкендерде қолма-қол және электронды есептесу мүмкіндігі бар. Халық көп тұтынатын 19 түрлі тауар бағасы бақылауда.

Бірінші сұрыпты бидай ұнының бағасы 215 теңге, қарақұмық жармасы – 560 теңге, күріш – 287 теңге, күнбағыс майы – 755 теңге, пияз – 100 теңге, сәбіз – 160 теңге.

Дүкендердегі азық-түлік бағаларына аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан апта сайын мониторинг жасалады. Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыпты ұстау мақсатында облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына және «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ басқармасына I сұрыпты бидай ұны, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, жұмыртқа, қант, тұз, картоп, макарон сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сұраныс хат жіберілді.

Алынған тауарларды халыққа арзандатылған бағамен сату бойынша Сарыөзек ауылында екі дүкен, Қоғалы ауылында бір дүкен және Шанханай ауылында бір дүкенмен агенттік келісім жасалды. Былтыр жалпы ауданға «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ-дан 70 тонна I сұрыпты ұн, 1 тонна макарон, 1 тонна қант алынды.

Раушан БИСЕМБЕКҚЫЗЫ,

Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Алматы облысы