АВТОКӨЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ 1 СӘУІРДЕН КЕШІКТІРІЛМЕУІ ТИІС

Уақыты: 06.02.2022
Оқылды: 1650
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында 51,5 млн.теңге сомасында берешек өндірілді. Бұл туралы "Жетісу медиа" хабарлады.

2022 жылдың қаңтар айында 30 404 салық төлеушіден 51,5 млн.теңге сомасында берешек өндірілген. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 31-бабына сәйкес, салық төлеуші берешегін уақытылы төлеуге міндеттелгені анық көрсетілген. Кодекс бойынша ағымдағы жылы көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірден кешіктірілмеуі тиіс. Айта кетейік, ағымдағы жылы борышкерлер сәуірдің басына дейін 2021 жылға салықты төлейтін болады.

Естеріңізге саламыз, Салық кодексінің 492-бабы 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларына өзгерістер енгізілген еді. Жаңа қағидалар өткен жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енген болатын. Салық заңы - фургондарды салық салу мақсатында автокөліктер ретінде қарастырады және қозғалтқыш көлеміне байланысты салық салынады.

Осылайша, рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 килограмнан аспайтын В санатындағы көлік құралдары Салық кодексінің 492-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық есептелетін жүк көліктеріне жатқызылады.

Енді салынатын салық көлемін АЕК-пен есептеп көрелік. Егер қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (дайындалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген автомобильдер үшін салықтың айлық есептік көрсеткіштерде төмендегідей мөлшерлемелер белгіленген:

3000-нан 3200-ге дейінгі текше.см қоса алғанда = 35 АЕК;
3200-ден 3500-ге дейін текше.см  текшеден астам = 46 АЕК;
3500-ден 4000-ға дейін текше.см  текшеден астам = 66 АЕК;
4 000-нан 5 000-ға дейін текше.см  текшеден астам = 130 АЕК;
5000 текше.см текше метрден астам = 200 АЕК.

Қозғалтқышының көлемі 1500 текше сантиметрден асатын автомобильдер үшін қозғалтқыш көлемі бойынша тиісті градацияның төменгі шегінен асатын әрбір бірлік үшін салық сомасы 7 теңгеге артады.

Автомобильдерге салықты есептеу қозғалтқыштың көлемі (cc) бойынша келесі градациямен келесі ставкалар бойынша жүргізіледі:
1100 текше.см текшеге дейін қоса алғанда= 1 АЕК;
1100-ден 1500-ге текше.см  дейінгі  текшеден астам = 2 АЕК;
1500-ден 2000-ға текше.см  дейінгі текшеден астам = 3 АЕК;
2000-нан 2500-ге текше.см  дейін текшеден астам = 6 АЕК;
2500-ден 3000-ға текше.см  дейінгі текшеден астам= 9 АЕК;
3000-нан 4000-ға текше.см  дейінгі текшелерді қоса алғанда = 15 АЕК;
4000 текше.см астам = 117 АЕК-ке тең болады.

«Қазақстан Республикасында тіркелген және (немесе) тіркелген тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 493-бабына сәйкес салық төлеушілер Салық кодексінің 492-бабына сәйкес салық салу объектісіне салық ставкаларын қолдану арқылы салық кезеңі үшін салық сомасын өз бетінше есептейді», - дейді Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Алмат Қалиев.

Айта кетелік, жеке тұлға салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Салық кодексінің 128-бабына сәйкес салық органы Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін бұйрық жібереді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"