ЭЛЕКТРОНДЫ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБАСЫЗ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ?

Уақыты: 14.02.2022
Оқылды: 1270
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қай мемлекеттік қызметтерді электронды цифрлық қолтаңбасыз онлайн алуға болады? Мамандар жауап берді.

Қазақстанда 637 мемлекеттік қызметті онлайн алуға болады. Көпшілік мұның бәрінде ЭЦҚ міндетті түрде қажет деп ойлайды. Бірақ ЭЦҚ-сыз алуға болатын сұранысқа ие қызмет түрлері де бар. Атап айтқанда, 138 танымал қызметті SMS-құпиясөз арқылы алуға мүмкіндік бар.

SMS-құпиясөздің көмегімен сіз жылжымайтын мүліктің техпаспортын немесе оның телнұсқасын алуға өтінім беру, уақытша тіркеуге тұру, аты-жөнін өзгерту, жұмыссыз ретінде тіркелу, жер телімдерінің мемлекеттік актісі секілді танымал қызметтер мен анықтамаларды ала аласыз. Сондай-ақ, мүгедектік пен әлеуметтік жәрдемақыларды да осылай рәсімдеуге болады.

Бір реттік пароль арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтер тізімі үнемі толықтырылып отырады. Толық тізімді egov.kz порталында көруге болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"