ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ! ЖАҢА ТУҒАН СӘБИГЕ ОСЫНДАЙ ЕСІМ БЕРІЛДІ

Уақыты: 18.02.2022
Оқылды: 4347
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жамбыл ауданының Беріктас ауылында тұратын Үшкемпіровтер отбасы жаңа туған сәбиіне Жақсылық деген есім берді. Бұл туралы "Жетісу" газетінің сайты хабарлады.

Сәбидің өмір есігін ашқанына бүгін апта толды. Кішкентай Жақсылық Алматы қаласындағы перзентханада туған. Ата-анасы балаға ат қоярда Жақсылық Үшкемпіровтей елге белгілі азамат, ұлт намысын бермеген мықты чемпион болсын деп ырымдаған.

- Жақсылық Үшкемпіровті бүкіл қазақ таниды. Кеңес кезінің өзінде қазақ ұлтын әлемге мойындатқан даңқты спортшымыз еді. Тәуелсіз Қазақстанға да сіңірген еңбегі орасан. Ол кісі спорттан бөлек, өңірдің экономикасын дамытуға, жұмыспен қамтуға, қайырымдылық жасауға әрқашан өз үлесін қосып жүрді. Нағыз атына заты сай нартұлға еді. Баламыздың осындай атақты адам болғанын қалаймыз, Жаратқан осы арманымызға жеткізсін деп тілейміз, - дейді Жақсылықтың ата-анасы.

Кішкентай Жақсылық Үшкемпіров отбасындағы үшінші ұл. Жалпы Үшкемпіровтер көпбалалы отбасына жатады. Жақсылықтың алдында екі қыз, екі ұл бар. Әкесі Рауан Тоқтарбекұлы жұмыссыз, ауыл арасында таксиші. Ал сәбидің анасы Әсел мектепте еден жуушы болып жұмыс істейді.

Айта кетейік, Жамбыл ауданында тұрғанымен Үшкемпіровтер отбасының чемпион Үшкемпіровке ешқандай туыстық қатынасы жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"