ОБЛЫС КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ АДАЛ БӘСЕКЕЛЕСТІК НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Уақыты: 27.02.2022
Оқылды: 1730
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде электр қуаты, инфрақұрылым, теміржол тұйығы, разъездер мен эстакадалар қызметі бойынша талдау жасады.

Осыған байланысты Open Space алаңында кірме жолдар мен вагондарды тазалау қызметін көрсетумен айналысатын нарық өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті. Онлайн іс-шара барысында кәсіпкерлерге бәсекелестіктің ықтимал заңбұзушылықтары туралы, монополияға қарсы департаменттің адал бәсекелестікті дамыту, алдын алу, анықтау және тергеу, бәсекелестіктегі заңбұзушылықтардың жолын кесу бойынша қызмет, тұтастай алғанда монополияға қарсы заңнаманың нормалары туралы ақпарат берілді, түсіндірілді. Сондай-ақ, жиын барысында «Карамай Продактс» ЖШС өкілі кірме жол қызметі мен вагондарды тиеу, жеткізу қызметтерінің қымбаттығына қатысты мәселені көтерді.

Алматы облысы бойынша монополияға қарсы орган бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"