Шеберліктерін шыңдады

Уақыты: 21.09.2017
Оқылды: 1105
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым  министрлігі  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институты 72 сағаттық  «Шағын орталық тәрбиешілерінің кәсіби іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.

Оған облысымыздың әр ауданынан келген шағын орталық тәрбиешілері белсене қатысты. Курстың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі білім беруді дамыту,  шағын орталық тәрбиешілері педагогтерінің іс-әрекетін ұйымдастыруға қажетті кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін арттыру.
Осыған орай тәжірибелі тренер Күнтай Құдайбергенқызының жетекшілігімен  өткен ІІ апталық курста 5 модуль бойынша білімімізді жетілдірдік. Курс барысында нормативтік-құқықтық модулінен  М. Валиева, психология-педагогикалық модулінен Ж. Абдрахимова, технологиялық модулінен Г. Жарылғамысова, мазмұндық модулінен К. Нүрпейісовадан дәріс алдық.  
Мектепке дейінгі шағын орталықтар бүлдіршіндердің дүниетанымын қалыптастырып, бала бойына білімнің алғашқы дәнін себеді. Осыған орай сабақ барысында әрбір баланың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оларды жан-жақты дамыту жолдарына баса назар аударылды. Сондай-ақ, шеберлік арттыру курсында шағын орталық тәрбиешілері кәсіби қызметте туындайтын түйіткілді мәселелерді талқылап, өзара пікір және тәжірибе алмасты.

Мақпал Сарқұлова,
Ерікті орта мектебінің мұғалімі.
Сарқан ауданы.