ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ЖЕТІСУЛЫҚТАРДЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Уақыты: 01.03.2022
Оқылды: 1434
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ жетісулықтарды 1 наурыз - Алғыс айту күнімен құттықтады.

"Алматы облысының құрметті тұрғындары! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке еліміздегі татулық пен бірлікті, ізгілік пен қайырымдылықты, достық пен ақ ниетті, ыстық ықыласты дәріптеуімен ерекшеленеді. Осы мерейлі күнде ата-анамызға, жақындарымызға, ұстаздарға, дәрігерлерге, тәртіп сақшыларына, көршілерге, әріптестерге, ел игілігі үшін тер төгіп жүрген барлық мамандықтың қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтумен болайық!

Алғыс айту – отбасын ынтымаққа, көршіні достыққа, халықты бірлікке, елді татулыққа бастайтын мерейлі мереке.

1 наурыз – Алғыс айту күнінде барша жетісулықтарға зор денсаулық, баянды бақыт, ауызбіршілік тілеймін! Әрдайым қолдау танытып, қиын-қыстау сәтте жұдырықтай жұмыла білген облыс тұрғындарына шын жүрегімнен алғысымды білдіремін!" - делінген әкім құттықтауында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"