БАССЕЙН АШЫЛДЫ

Уақыты: 21.09.2017
Оқылды: 1420
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қаратал» күндізгі болу орталығы мекемесінде балаларға арналған бассейн ашылды. 
Балалардың денсаулығын нығайтып және сауықтыруда пайдасы зор су бассейні церебральді сал ауруына шипа. Сонымен бірге,  қозғалыс қызметі мен дене қалпының бұзылуы, статистикалық ақау мен жетілмеген мидың зақымдалуы секілді ауруларға пайдалы. Бассейн бұлшық ет тонусы, рефлекторлық жағының жақсаруы, буындардың қиын қозғалуын азайту мен баланың қимылдау мүмкіндігін арттыру және әлеуметтік бейімділікті қалыптастыру мақсатында ашылып отыр. 
Шарада аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Серік Амандосов және «Үміт» күндізгі болу орталығының» директоры Әлия Садықова сөз  алып, ата-аналар мен балаларға ізгі тілектерін білдіріп, сауықтыру бассейнінің лентасын қиды. Бүлдіршіндер де жырдан шашу шашып, өнерлерін ортаға салды.  Көксу ауданындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы және «Қамқор» Талдықорған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Талдықорғандағы «Бәйтерек» күндізгі болу орталығы»  да мерекеге өз шашуларын алып келді. Жиын соңында емдік дене шынықтыру нұсқаушысы А. Трусбеков пен медбике А. Сегізбаева қызмет алушы балаларға арнайы суда денені босату, тепе-теңдікті сақтау,  моторикаларын дамыту жаттығуларын жасатты. 
 

Қаратал ауданы.