КЕГЕН АУДАНЫНДА ҮШ БӨЛМЕЛІ ЖЕРҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ - ӘКІМДІК

Уақыты: 09.04.2022
Оқылды: 1760
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Кеген ауылының шығыс жағынан салынған 36 тұрғын үйдің кілті салтанатты түрде табысталды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған заманауи, жылы да жайлы, бар жағдайы жасалған 3 бөлмелі үйлерді Батырхан Тоқтаев басқаратын «Құрылысшы-ТБС» ЖШС-нің құрылысшылары мен мамандары жүргізді. Ал инженерлік коммуникациялық желісін, абаттандыру жұмысын «Каз Lux Строй» ЖШС-нің мамандары жүзеге асырды. Жалпы көлемі 878 миллион теңге қаражат бөлініп, тұрғызылған тұрғын үйлер өңірдегі көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, баспанаға мұқтаж азаматтарға берілді.

Салтанатты ашылу рәсімінде Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов жиналған көпшілікті қоныстой қуанышымен құттықтады. «Құрылысшы-ТБС» ЖШС-нің өкілі Тасқын Есенаманов, тұрғын үйлі болғандар атынан Индира Телақынова жүрекжарды лебізін жеткізді. Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сабыр Досымбеков ақ батасын арнады.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Кеген ауданы

Алматы облысы