Қазақ тілін үйренушілер көп

Уақыты: 28.09.2017
Оқылды: 1253
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Тіл үйренушілерге барлық мүмкіндік қарастырылған. Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Башбаев өңірлік комму­ни­кациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслиха­тында айтты.

Қазіргі таңда облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орта­лы­ғы мен оның аудан, қала­ларда ор­наласқан 9 фи­лиа­лында тіл үйренушілер үшін мате­риал­дық база жаңар­тыл­ған. Мұнда мемлекеттік тіл­мен қатар ағыл­шын, орыс тілдері де те­гін оқытылады. Ағымдағы жыл­дың алғашқы алты айын­да 877 тыңдаушы тіркеліп, оның басым көпші­лігі мем­лекеттік тілде сауат ашқан. Облыс көлемінде Қазақ­стан Республикасында тілдерді дамыту мен қол­да­ну­дың 2011-2020 жылдарға ар­налған мем­лекеттік бағдар­ламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, жүйелі түрде жұмыс жүр­гі­зілуде.

Тіл саясатының үлкен сала­сы ономастика және көрнекі ақпарат болып табылады. Ай­талық, өңіріміздегі 741 елді мекеннің 97,3 пайызы мем­лекеттік тілде аталса, қалғаны Заречное, КазЦИК, Набереж­ная сынды атауларға ие. Бұл тұрғыдан алғанда ескі атау­ларды алмастыруға жергілікті азаматтардың ұсынысы көптеп түседі. Алайда олар жекелеген тұлғаның атын беруге құмар. Бабалар ерлігі ұмытылмайды және ескерусіз қалмайды. Сон­дықтан бұл бағыттағы ұсыныстар жан-жақты сара­ланып барып іске асырылмақ. Ал көрнекі ақпарат көпшілікке түсінікті. Бір ғана сәуір-мау­сым айларында жүргізілген «Тіл тазалығын сақтайық» акциясы бойынша 2449 нысан қамтылған. Нәтижесінде, 862 кемшілік анықталып, оның 596-сы түзетілген.

Брифингте атқарылған жұ­мыс жемісімен бөліскен Ай­дар Карбозұлы журналис­тер­дің сауалына тұшымды жауап беріп, алдағы уақытта атқа­рылар шараларды да тілге тиек етті.

АРДА БИ.