"БАСПАНА БАҚЫТЫ": ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНДА 40 ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ

Уақыты: 07.06.2022
Оқылды: 1319
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Бүгін Текелі қаласында 40 отбасы қоныс тойын тойлады. Пәтерлердің  26-сы көпбалалы, 8-і жетім және 12-сі әлеуметтік осал  топқа берілді.

Шара барысында Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов жүрекжарды лебізін білдіріп, тұрғындарға пәтер кілттерін табыстап, қоныс тойларымен құттықтады.

– Бүгін біз сіздермен керемет қуанышты сәтте бас қосып отырмыз. Мамыр айынан бастап мердігер компания «Шымыр» ЖШС салған үй мұқтаж жандарға бұйырды. Берілген 40 пәтердің 30-ы үш бөлмелі, 10 үй екі бөлмелі. Біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Алдағы уақытта да игі іс жалғасын табады, – деді.

Бақытқа кенелгендердің қуанышымен бөлісу үшін шараға адам көп жиналды. Бәрі бір-біріне жылы сөздерін арнап, облыс, қала басшыларына алғыс жаудырды.

Баспаналы болғандардың бірі – Гаухар Смайылова: «Біз сияқты адамдарға қамқор болып, үй беріп, қолұшын созып, көмек көрсеткен жандарға алғысымыз шексіз. Баспаналы болу – бір бақыт. Осындай бақыт әр адамның басына қонсын», – деп жылы лебізін білдірді.

 

Айдар ҚАЛИЕВ
Текелі қаласы,
Алматы облысы
Сурет ғаламтордан алынды