ТЕКЕЛІНІҢ БҰРЫНҒЫ ӘКІМІ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫНА БАСШЫ БОЛЫП КЕЛДІ

Уақыты: 22.09.2022
Оқылды: 1222
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Батыр Молдахметов облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Жетісу облысының әкімдігі мәлімдеді.

Айта кетсек, Батыр Қайыркенұлы бұл уақытқа дейін Текелі қаласының әкімі лауазымында қызмет атқарған. 5 қыркүйекте облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың өкімімен ол өз өтініші бойынша Текелі қаласының әкімі лауазымынан босатылған еді. Осыған байланысты Батыр Молдахметовтің орнына Алмас Әділ аталған шаһардың басшысы болып тағайындалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"