ҚАРАТАЛ АУЫЛЫНА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Уақыты: 03.02.2023
Оқылды: 1202
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Көксу ауданына қарасты Қаратал ауылында жаңа мектеп салу туралы әңгіме  осыдан  он жылдай уақыт бұрын көтерілген еді.

50 жыл бұрын қабырғасы қаланған 4 жылдық білім ұясының ғимараты әбден тозып, оқушыларға тарлық етіп келген. Ауылдағы 104 бала 5 шақырым жердегі аудан орталығына  қатынап оқиды. Оларды әкімдік арнайы көлік бөліп, оқушылардың аудан орталағына баруына мүмкіндік жасаған. Жалпы ауылда 600-ден аса халық, 130  аула бар. Енді міне, сол қиындық артта қалып, ауыл балалары өздерінің жаңа мектебінде оқитын күн алыс емес.

- «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 120 орынды 25 балаға арналған шағын орталығымен жаңа мектеп  салу жоспарлануда. Қазіргі таңда 2 га жер телімі бекітіліп берілді. 2022 жылы жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, оң қорытындысы алынды. Көктемде  мектеп құрылысы басталады. Қазынадан 1 млрд 800 мың  теңге бөлінді. Мектеп құрылысы келесі жылға өтпелі. Білім нысаны 2024 жылы пайдалануға беріледі, - деді аудан әкімі Марлен Көлбаев.

Ришад Тұрғанбай
Сурет ғаламтордан алынды