Алакөл ауданының Екпінді ауылында биіктігі 20 метрлік Мемлекеттік Ту тұғыры орнатылды. Оны М. Әубәкіров атындағы орта мектебін 20 жыл бұрын бітірген түлектер мен ауыл азаматтары өз қаражатымен жүзеге асырды.
Салтанатты шарада Мемлекеттік Туды көтеру құрметі ауыл ақсақалдары Б. Қапсалямов пен Қ. Мұқашев және түлектер атынан А. Ораловқа бұйырды. Екпінді ауылдық округінің әкімі Ә. Қыстаубаев туған ауылына ерекше сыйлық жасаған азаматтарға алғысын білдірсе, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Б. Айтахметов, М. Әубәкіров атындағы орта мектебін 2004 жылдары басқарған М. Мәдібаев, ауыл ақсақалы Б. Қапсалямов Мемлекттік рәміздерді аялап, сақтаудың, патриоттық тәрбиенің өзегіне айналдырудың маңыздылығына тоқталып, «Ел игілігі арта берсін!» деген жылы тілегі жеткізді.
Бұл тұғыр алдағы уақытта ауылың көрнекті орындарының біріне айналары сөзсіз. Сондықтан ауыл азамататры Ту тұғыр орнаталған жерді абаттандырып, ағаш егіп, гүл отырғызып, тиісінше қолдау танытуға дайын екенін білдірді.
Қажет Андас
Алакөл ауданы