БІРЫҢҒАЙ УАҚЫТ БЕЛДЕУІНЕ ҚАРСЫ ПЕТИЦИЯ БОЙЫНША ШЕШІМ ҚАШАН ШЫҒАДЫ?

Уақыты: 21.06.2024
Оқылды: 254
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петицияны талқылау қалай болып жатқанын және түпкілікті шешім қашан шығатынын айтты.


Мәжіліс алаңында журналистер министрге бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петиция 50 мың қол жиналғанын еске салды. Шенеунік бұл құжат қашан қаралатынын түсіндірді.

“Біз заңды түрде бекітілген алгоритмді ұстанамыз. Бүгін жұмыс тобының отырысы өтіп жатыр. Бірінші кезең – ұйымдастыру. Біз жұмыс тобын құрдық. Барлығын құрамға енгізу керек деп қостық. Бұл топта бүгін жұмыстың принциптері туралы айтамыз: ашықтық, пайымдау, өзара сыйластық, жұмыс кестесін құру, күн тәртібін құру. Әрбір әрекет дәлелді, қағазға түсірілген, айыптаусыз, қажетсіз эмоцияларсыз жүзеге асуы керек. Бұл жұмыстың екінші кезеңі болмақ", – деді Шаққалиев.

Министрдің айтуынша, өтінішті қарауға 40 күн керек.

"Үшінші кезеңде комиссия 40 күн ішінде қорытынды жасап, өз шешімін шығарады, бұл – жалпы мерзім, сондықтан бәрі заңмен белгіленген мерзімде болады", – деп қосты шенеунік.

Бұған дейін бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция 50 мың қол жиналған.