ДЕПУТАТ. МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНАН "ЯНДЕКС" ТИІМДІРЕК БОЛЫП ШЫҚТЫ

Уақыты: 21.06.2024
Оқылды: 485
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларын сынға алды.


Депутат өз сөзінде Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай 3,3 миллион жаңа жұмыс орнын ашу жөнінде нақты тапсырма бергенін еске салды.

«Ашылған жаңа жұмыс орындарының 80 пайызға жуығы уақытша. Үкіметке бір платформаның жұмысы жайында нақты мысалын келтіргім келеді. Яғни, жұмыспен қамтудың барлық мемлекеттік бағдарламаларына қарағанда Яндекс жүйесі жұмысқа орналастыруда әлдеқайда тиімді болып шықты. Бейресми деректер бойынша бұл жүйеде 700 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді. Олар 2023 жылдың қорытындысында шамамен 1 триллион теңге, ал Яндекстің өзі 400 миллиард теңгеге жуық табыс тапқан», — деді Е. Бейсенбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, бұл жүйені 12 млн-нан астам ел тұрғыны пайдаланып отыр.

«Бір ғана осы мысалдың өзі Үкіметтің халықты жұмыспен қамтамасыз етудегі қадамдарының мәні мен әлсіздігін көрсетіп тұр», — деді депутат.