Зейнетақы аударымдарын табыс салығынан босату: кім шешім қабылдайды?

Уақыты: 24.06.2024
Оқылды: 297
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері табыс салығынан босатылуы мүмкін. Қашан және кім шешім қабылдайды? Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтып берді.

"Тағы бір ұсынып отырған мәселе - зейнетақы аударымдары бойынша жеке табыс салығын алып тастау. Жеке табыс салығының көлемі 10 пайыз. Сол 10 пайызды біз алып тастаудың есебінен зейнеткердің алатын зейнетақысының мөлшері осы 10 пайызға көтеріледі", - дейді Нұрлан Байбазаров Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Ұлттық экономика министрлігі бұл норманы жаңа Салық кодексінен алып тастауды ұсынып отыр.

"Бірақ шешімдерді әлі Парламент пен Мемлекет басшысы қабылдайды", - деп қосты министр.

Дереккөз: Tengrinews.kz
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов