ҚАЗАВТОЖОЛ. АҚЫЛЫ ЖОЛ ҮШІН ТӨЛЕМДЕРДІ АЛДЫН АЛА ЖАСАУ КЕРЕК

Уақыты: 04.07.2024
Оқылды: 484
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

ҚазАвтоЖол компаниясы kaztoll.kz сайтындағы жеке және заңды тұлғалардың кабинеті уақытша жұмыс істемейтінін ескертті.  


«Құрметті пайдаланушылар! 2024 жылғы 3 шілдеде сағат 22:00–ден 02:00–ге дейін сервистерді жаңарту бойынша жұмыстар жоспарланған. Сол себепті, біздің ресми сайтымыз qaj.kzkaztoll.kz сайтындағы жеке және заңды тұлғалардың кабинеті уақытша жұмыс істемейтін болады. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында төлем жасау мүмкіндігінің болмайтынын ескертеміз және ақылы жол үшін төлемдерді алдын ала жасауларыңызды сұраймыз», — делінген хабарламада.