ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ РЕСЕЙ АЗАМАТТЫҒЫН АЛУЫ ҚИЫНДАМАҚ

Уақыты: 04.07.2024
Оқылды: 264
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстандықтардың Ресей азаматтығын алуы қиындамақ.


Ресейдің мемлекеттік думасына Ресей азаматтығын ала алатын адамдардың шеңберін шектейтін заң жобасы енгізілді. Заң жобасының авторлары думадағы үш фракцияның өкілдері.

"Қазір азаматтық алу бойынша бағдарламаға қатысуға өтініштердің басым көпшілігі, әдетте, Ресей Федерациясының аумағында тарихи түрде тұратын халықтардың өкілдері болып табылмайтын Тәжікстан, Қазақстан және Армения азаматтарынан келеді. Жалпы, КСРО құрамында болған мемлекеттердің азаматтарынан”, – делінген заң жобасында.

Заң жобасының авторлары азаматтықты енді тек Ресей шекарасынан тыс жерде тұратын "Ресей Федерациясының аумағында тарихи өмір сүретін" халықтарға жататын тұлғаларға және олардың ұрпақтарына ғана беру керек екенін айтады. 

ТМД елдері институты директорының орынбасары Александр Докучаевтің айтуынша, "Ресей Федерациясының аумағында тарихи түрде өмір сүретін" халықтардың тізімі жоқ. Сондықтан заң жобасында сұрақ тудыратын, әрі өңдеуді талап ететін бөлімдер көп екенін айтады. 

Еске салсақ, бұған дейін Мәскеу сотының екі қазақстандықты 13 жылға соттағаны туралы жазған едік.