"ЖАСТАР 1/1" ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАБЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Уақыты: 05.07.2024
Оқылды: 249
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Бұл жөнінде Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Жастар 1/1» тұрғын үй алабының тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті.


Қала басшысы тұрғын үй алабында атқарылып жатқан жобалардың бірқатарына тоқталып, тұрғындардың сұрағына жауап берді. Жұртшылық қала әкімінен жылдың соңына дейін таза ауыз сумен қамтамасыз етуін және қоғамдық көлікті жүргізу мәселесін көтерді.

Естеріңізге салсақ қала әкімі өткен жылы «Жастар 1/1» тұрғындарымен кездесуінде бірнеше түйіткілді мәселені оңтайлы шешуге уәде еткен еді.

Атап айқанда, көшелерді жарықтандыру, айналма жолды ашып беру, таза ауыз сумен және кәріз құбырларын тартып беруді сұраған болатын. Бүгінгі күні аталған тұрғын үй алабы толық жарықтандырылып, аймақта су құбырын тарту жұмыстары қарқынды түрде басталды.