2024 жылдың 5 айында салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына бөлінген таза инвестициялық кіріс 631,3 млрд. теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 138 млрд. теңгеге артық.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 маусымына зейнетақы активтерінің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары 19,2 трлн. теңгеге жетті. Бұл ретте 2014 жылдан бері жинақталған таза инвестициялық кіріс 9 трлн. теңгеден асты. Жүзеге асырылған төлемдерді ескерсек, бұл зейнетақы активтерінің 37% астам бөлігі.
Инвестициялық кіріс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар) және басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер секілді кірістерден құралады. Инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының сақталуын және орнықты кірістілігін қамтамасыз етеді.
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 1,14 %. Атап кетейік, ЖМЗЖ шартты зейнетақы шоттарына 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап түсе бастады, жинақтардың жалпы сомасы 77,5 млрд. теңге.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық. Әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер)Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
Фото: gov.kz