КӨМІРДЕН ТАРЫҚПАЙМЫЗ

Уақыты: 14.08.2024
Оқылды: 343
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жыл сайын облыс тұрғындары уақытылы көмірмен қамтылып келеді. Биыл аймаққа тәулігіне орта есеппен 13 вагон немесе 897 тонна қатты отын жеткізілуде.


Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, облыс аумағында  35 көмір тұйығы мен қоймалары бар. Онда 30,2 мың тонна көмір сақталған. Оның 19,2 мың тоннасы «Шұбаркөл» және 11 мың тоннасы «Қаражыра» көмірі.

Облыс аумағында көмірдің орташа бағасы 18 мың 600-20 мың теңгені құрайды. Теміржол қатынасы жоқ аудандарға жеткізу қашықтығына қарай баға 25-28 мың теңге көлемінде.

Жалпы, 2024-2025 жылғы жылыту маусымындағы халықтың көмірді тұтыну қажеттілігі 428,5 мың тоннаны құрайды. Облыс тұрғындары күні бүгінге дейін 76,4 мың тонна көмір сатып алған. 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен аудан-қала әкімдіктері өңір халқын ауа райының қолайлы кезінде қысқа қажетті көмір қорын түсіріп алуға шақырады.

Еңлік БАУЫРЖАНҚЫЗЫ