2025 жылы Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің мөлшері өседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, Әлеуметтік кодекстің 197-бабына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын арттыру республикалық бюджет туралы заңда жылына белгіленген тиісті қаржы мөлшерінде жүзеге асырылады.
"2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерін 8,5 пайызға арттыру жоспарланған; базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты артатын болады.
Өз кезегінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері жыл сайын 5 пайызға индекстеледі.
2025 жылы өскеннен кейін зейнетақының ең төменгі мөлшері 95 131 теңге (базалық зейнетақыны есепке алғанда 32 360 теңге), ең жоғары мөлшері – 213 046 теңге (базалық зейнетақыны есепке алғанда 50 851 теңге) болады, - деп хабарлады министрлік.
Сонымен қатар алдағы өсім барлық 2,4 миллион зейнеткерге қатысты болатыны айтылды.
Фото: freepik.com