ҚМДБ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАЙ ӘУЕ КОМАНИЯСЫМЕН ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРАДЫ?

Уақыты: 09.10.2024
Оқылды: 510
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақстандық қажыларды тасымалдау  үшін әділ бәсекелестікке қол жеткізу және қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында конкурс жариялайды.


Байқау талаптары:

- Авиакомпанияның «Қажылық-2025» маусымында қазақстандық қажыларды тасымалдауға ниет білдіру туралы хат жолдау;

- Қажылық маусымында Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Королдігінің арасында тікелей авиамаршрутқа арналған куәлiктерінің және екі елдің авиациялық талаптарына сай лицензияларының болуы;

- Авиакомпанияның А нүктесінен (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалалары) Б нүктесіне (Жидда, Мадина қалалары) алып баруға және алып келуге ұсынылған билет құнын ұсыну;

- Авиакомпания Қазақстан Республикасының қажыларын 22.05.2025ж. мен 02.06.2025ж. аралығында А нүктесінен Б нүктесіне жеткізуге және 14.06.2025ж. мен 20.06.2025ж. аралығында Б нүктесінен А нүктесіне жеткізетін ұшақ борттары жайлы мәлімет ұсыну;

ҚМДБ мәліметінше, аталған құжаттар 9 қазаннан бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 21 қазанға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған авиакомпанияның ұсыныстары қаралмайды.