Жетісу облысында жасөспірімдер арасында 7 суицид жағдайы тіркелді

Уақыты: 30.10.2024
Оқылды: 354
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Бүгінде жасөспірім қыздар мен ұлдар көз жұмуының себептері арасында суицид әрдайым басты орындардың бірінде. Жыл басынан Жетісу облысында  101 суицид  жағдайы  тіркелді.

Оның ішінде аяқталған суицидтің 7 фактісі, 6 әрекет жасау фактісі тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Мадина Турдашева мәлімдеді. 

Маманның айтуынша, кәмелетке толмаған жастардың психикалық денсаулығындағы мәселелерді тудырушы фактор ретінде депрессия,  мазасыздық, буллинг, мінез-құлық  мәселелері мен өз-өзіне зақым келтіру.

Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы екінші өзекті мәселе ерте жүктіліктің алдын алу. Талдықорған қаласында кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің 16 жағдайы тіркелді. 

Суицидтің  алдын  алу  үшін  дәрігерлер мен психологтар, соның ішінде суицидология  және  психиатрия  мамандары суицидтік ойлар мен әрекеттерге тап болған жасөспірімдермен жұмыс жасайды. Жастар денсаулық орталығында жасөспірімдер әлеуметтік-психологиялық және медициналық қолдауды қоса алғанда, психикалық және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша кешенді көмек ала алады.

"Жетісу-Ақпарат"