Бюджетке төленетін міндетті төлем ретінде салықтың түрлері бойынша енгізу, бекіту, есептеу және төлеу тәртібіндегі мемлекеттің жалпы ережесі қарастырылады.
Мемлекеттің тиімді салық салу процесін жүзеге асыру үшін бірнеше талап бар. Салықтардың созылымдылық қағидасын да ұмытпаған жөн. Мәселен, мемлекет өзінің күнделікті сұранысына байланысты салық деңгейін өзгертуге толықтай құқылы. Салық салу жолы, түрі Салық кодексімен басқару қағидасы бойынша өрнектеледі. Яғни, салық төлеу бойынша міндетті салықтар Салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады. Салық салудың шындық қағидасына сәйкес әрбір адам өз табысына сай мемлекетті қолдауға қатысуы қажет. Салық әрбір адамның мемлекет алдындағы қарызы болып есептеледі. Сондықтан да оны төлеу әрбір қазақстандық азаматтың парызы.
Салық салудың үнемділік қағидасына сәйкес, салық жинау ең төменгі шығындарда жүргізілуі қажет. Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері Салық кодексінде белгіленген салық салу қағидасына қайшы келмеуі тиіс. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық салудың бірнеше қағидасына негізделеді. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігін ұмытпаған жөн. Салық салудың айқындылығы, салық салудың әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы, салық заңдарының жариялылығын білу қажет. Қысқасы, Қазақстан Республикасының салық жүйесі еліміздің бүкіл аумағында барлық салық төлеушіге қатысты бірыңғай жүйе екенін ұмытпайық.
Ерасыл СЕЙІТҰЛЫ,
Жетісу облысы аумақтық округінің жеке сот орындаушысы