Сарқан қаласында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды

Уақыты: 07.12.2024
Оқылды: 599
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлеуметтік жағынан осал отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың экономикалық дербестігіне және азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығуына қолдау көрсету мақсатында   Сарқан қаласында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды.

Орталық басшысы Самал Орынбекованың айтуынша,  бүгінгі қоғамның қасіретіне айналған тұрмысы төмен, психологиялық тұрғыдан әлсіз отбасылар мен адамдар санының  артуы әркімді де алаңдатады.

Мекеме  ашылған  2023 жылы  орталыққа қиын жағдайға тап болған отбасылардан 27 өтініш түскен. Соның ішінде,  7 ана мен 19 бала орталыққа уақытша орналастырылып, әлеуметтік көмек көрсетілген. Қалған 20 өтініш шешімін тауып, 3 адам жұмысқа орналастырылыпты. АӘК жәрдемақысын өндіру бойынша өтініш берген 10 адамның 5-еуінің  тілегі қанағаттандырылған. Тағы бір өтініш тиісті орындарға жолданып, 2 ананың жәрдемақысы өндіріліп,  3 отбасының есепшоты бұғаттаудан шығарылса,  1 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етіліпті.

Ал биыл  орталыққа 100 өтініш түсіп, орталыққа уақытша орналастырылған 27 ана мен 49 балаға  әлеуметтік көмек көрсетілді. Аз қамтылған, жалғызбасты және көпбалалы аналардан түскен 15 өтініш бойынша АӘК жәрдемақысын рәсімделді.13 өтініш қарастырылып, олар үй кезегіне тұрғызылды, 2 өтініш бойынша есепшот бұғаттаудан шықты, 3 өтініш иесі тұрғылықты мекен-жайға  тіркелді. Сондай-ақ  14 адам жұмысқа орналастырылып, 6 өтініш иесінің  сұранысына сәйкес талап арыз берілді. Сонымен қатар 4 отбасының балалары балабақшаға кезекке тұрғызылып, 3 отбасының  ЭЦҚ кілті ашылды. Сол сияқты 2 өтініш иесі  орталық ауруханадан жолдама алды. 2 көпбалалы анаға жәрдемақы өндірілді, 9 аз қамтылған отбасы мен көпбалалы ананың балалары қыстық киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз етілді, – дейді Самал Бекасылқызы. 

Орталық аудан аумағындағы тұрғындарға ішкі істер органдарымен, аудандық ауруханамен, білім бөлімімен, қала, кент, ауылдық округ әкімдерімен және аудан әкімдігіне қарасты бөлімдермен бірге өмірде қиын жағдайға тап болған немесе оның туындау қауіп-қатері бар отбасыларды анықтап, тиісті қызмет көрсетіп келеді.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы