ТӘТТІ ТАҒАМ ДАЙЫНДАЙДЫ

Уақыты: 09.01.2025
Оқылды: 374
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазіргі уақытта кез келген шағын қуаныш, үл кен немесе кішігірім жиын-тойлар тәттісіз өтпейді. Мерекелердің сәніне айналған тәттілер мен торттар дастарқанның сәніне айналып та үлгерген. Сонымен қатар, дәмді торттың түр-түрін пісіріп, тапсырыс қа былдау қыз-келіншектердің негізгі кәсіп көзіне айна лып үлгерді.


Ендеше торт пісіру кәсібін бастап нәсібін теріп жүрген Лепсі ауылының тұрғыны Гүлдана Дүниебайдың түрлі тәт тілері көптің көңілінен шығып, дайындаған өнімдері мере келік жиындардың сәніне айналып та үлгерген.

Жұмыссыз әрі көпбалалы ана ретінде ауыл әкіміне жо лыққан, ол кісі бизнес жобасын жасап, қайтарымсыз қар жы алуға болатынын айтып жөн сілтейді. Сөйтіп кейіп керіміз кәсіпкерлік курсты оқып, тиісті сертификат алып, 1 476 800 теңге қаржыға ие болған. Ол қаражатқа арнайы құрал-жабдықтар алып, іске кірісті. Күніне тапсырыспен 3-4 торт пісірсе қасына рулеттерге де сұраныс болған. Өнімге 100 пайыз табиғи кілегей, шоколадтар қосылады. Салтанатты мерекелерде қарбалас уақыты болып үлгерме генде қасына көмекші алатынын да жасырмады.

Гүлдананың айтуынша, бала кезінен дастарқан мәзірін жасауды ұнатып, түрлі тәттілер пісіруге қызығушылық танытқан. Есейе келе Талдықорған қаласындағы «Білім» гуманитарлық техникалық колледжіне оқуға түсіп, оны «тәрбиеші» мамандығы бойынша тамамдайды. Алғашқыда үйдегілерге шайға тіске басарға деп бастап, соңы ағайын туыстың тапсырыс беруіне ұласады.

Тәтті пісірумен айналысатын жас кәсіпкердің негізгі мамандығы білімге қатысты болғанымен осы салаға сәй кес жұмыс істемегендіктен кәсіптің жаңа түрін меңгеруге батыл кіріскен Гүлдана ізденуден, үйренуден жалықпай ды. Ол өздігінен торт пісіру айтарлықтай нәтиже бермей тінін түсініп, онлайн шеберлік сыныптардан өтуді, үнемі тәжірибесін толықтырып отыруды мақсат етеді. YouTube арнасынан, Instagram желісінен көріп, торт пісірудің қыр сырын одан әрі жетілдіруге уақытын арнайы бөледі. Одан бөлек, басқа да түрлі курстардан керегін үйреніп, шебер лігін шыңдайды. Ақыры өзі қалаған «Вупи-пай», «Қызыл бархат», «Сүтті қыз», «Наполеон», тағы басқа торттың бір неше түрін пісіруге кәсіби тұрғыда кіріседі.

– Менің тұтынушыларым көбіне ауыл тұрғындары. Лепсіден бөлек Көкжиде, Көктерек ауылдарынан да тап сырыс түседі. Көпбалалы болғаннан кейін үлгермей жат сам, санын да шектеп қоямын. Сұранысқа сай тапсырыс тарды уақытылы орындап, тұтынушылардың алғысын алғанымда төбем көкке жетеді, – дейді Гүлдана Бағлан қызы.

Кейіпкеріміздің айтуынша, қазіргі тұтынушылардың талғамы жоғары. Сондықтан істің көзін тауып бастаған екенсің, оны әрі қарай дамытып, санға емес, сапаға жұмыс істеу міндетің.

«Тәтті» атауын иеленген жеке кәсіпкерліктің иесі бола шақта кәсібін кеңейтіп, жәрдем бергенге көмекшілер алып ауылдан шағын кофе ішетін орын ашу жоспары да бар.

Келіндік міндетімен қоса тәттілер пісіруге де, әрі бала тәрбиесіне де уақытын тауып, өз кәсібін жүргізіп отырған жас кондитердің қадамына біз де сәттілік тілейміз.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы