Қыста көлік өртенбеуі үшін не істеу керек?

Уақыты: 14.01.2025
Оқылды: 285
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Құтқарушылар көлікті өрттен сақтау үшін көлік жүргізушілеріне маңызды кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ТЖМ бұл үшін мына шарттарды орындау қажет екенін еске салды:

  • техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;
  • электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;
  • әрқашан өртсөндіргішті көлік салонында ұстаңыз;
  • қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылаңыз;
  • көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамаңыз;
  • жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдаңыз.

"ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Көлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, қыста көлік көп өртке оранады. Мәселен, кеше Атырау облысында көлік жанып, 15 минут ішінде сөндірілді.

 

Фото: Коллаж: ТЖМ, depositphotos.com