Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде жаңа технологияның мүмкіндіктері және онымен жұмыс істеу бағыты бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Негізгі мақсат – студенттердің кәсіби білімдерін тереңдету және оларды қазіргі заманғы технологиялармен таныстыру.
Экскурсия барысында колледждің KT Academy орталығы назарға алынды. Бағдарлама аясында жастар IT саласының бағыттары бойынша білім алуда. Ал Coworking аймағы жастардың шығармашылық қызметіне арналған кеңістік. Дрон операторларының зертханасы нақты тәжірибе мен білім алу алаңында студенттер де құр қалмай, дронды құрастыру жұмыстарына атсалысып, ішкі және сыртқы пайдалануға жарамдылығына баса назар аударуда. Осы жерде білім ордасының директоры дрон құрылғысы заманауи технология мен инновациялар саласындағы жаңа дәуірдің жетістігі екенін алға тартты.
Жастарға арналған «Jetisu Skills» білім беру бағдарламасы бойынша толық ақпарат берілді. Техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа үлгілері, онлайн және офлайн оқыту тәсілдері ұсынылды. Мұнда жас мамандар үшін аймақтың индустриялық, ауылшаруашылығы және қызмет көрсету секторларындағы қажеттіліктерді арттыру көзделген.
Оқу орнының басшысы Шыңғыс Нұрғожаев заманауи білім беру жүйесінің маңыздылығын және оны қолдаудың қажеттілігін атап өтіп, колледждің алдағы уақытта осы бағытта жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Келген қонақтар оқытушылардың білімі мен шеберлігіне, студенттердің еңбекқорлығына, шығармашылық қабілеттеріне тәнті болды.
Аталған іс-шара соңы Наурыз мерекесімен жалғасын тапты.
Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ