Жұмыс істей алмайтын адамдарға әлеуметтік төлем беріледі

Уақыты: 10.04.2025
Оқылды: 408
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

МӘСҚ-дан еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем кімге және қандай көлемде тиесілі? МӘСҚ Ақ жолданымдарды қарау департаментінің директоры Самал Тоқсанғазина түсіндіріп берді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Бүгінде жұмыс істейтін қазақстандықтардың 74%-дан астамы Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары.

Жұмыс берушілердің аударымдары арқасында бұл азаматтар 5 түрлі әлеуметтік тәуекелдер болған кезде МӘСҚ-ден төлемдер ала алады. Солардың бірі – еңбекке қабілеттілігінен айырылу. Осы тәуекел бойынша әлеуметтік төлем жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген күннен бастап мүгедектігіне берілетін мемлекеттік жәрдемақыға қоымша тағайындалады, - деді сарапшы.

Оның айтуынша, төлем еңбекке қабілеттілігін жоғалтудың барлық белгіленген кезеңіне, яғни төлем алуға өтініш берілген уақытқа дейін жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады. Төлем мөлшері әр алушыға жеке есептеледі.

Сондай-ақ қорға әлеуметтік аударымдар төленген соңғы екі жылдағы орташа айлық табысқа медициналық-әлеуметтік сараптамамен белгіленетін 30%-дан 100%-ға дейін болуы мүмкін. Еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесіне және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады, - деп түсіндірді Самал Тоқсанғазина.

2024 жылы еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша тағайындалған төлемнің орташа мөлшері айына 60 мың теңгеден асты. 102 мыңнан аса адам жалпы сомасы 47 млрд теңгеге төлем алды.

Фото: dauletten.kz