Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Уақыты: 14.04.2025
Оқылды: 253
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 44,3 миллиард теңгеге зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 337,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 706,7 миллиард теңге жұмсалған.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 465 мың адам.

"2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 963 теңге, базалық зейнетақы – 47 659 теңге болды", - делінген хабарламада.

Фото:depositphotos.com