100 жасқа толды

Уақыты: 23.01.2017
Оқылды: 1653
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Ғасырды артқа тастап, сан соқпақты  ғұмырда төккен тері мен биік рухының арқасында тағдыр жолындағы талай қиындықтардан сүрінбей өткен Бақанас ауылының тұрғыны, ақ жаулықты ана Ұлтуар Байжігітова.
Соғыс жылдарындағы тағдырдың басқа салған сан соқпағына қасқая тұрып, өзі мен жолдасы Жұмәділден тараған ұрпағын аман-есен өсіріп, бүгінгі таңда немере-шөберенің қызығына бөленіп, бақытты ғұмыр кешіп отырған Ұлтуар апа мерейлі 100 жасқа толып отыр. Ақ жаулықты ананың шаңырағына ғасырлық мерейтойымен құттықтап, ыстық лебізін білдіру үшін аудан әкімі Ғалым Тоқпейісов  арнайы барып, қарт ананың шаттыққа толы қуанышына ортақтасты. Аудан басшысы шаңырағының алтын діңгегі болып отырған ақ жаулықты ананың деніне саулық тілеп, жүрекжарды ыстық лебізін білдірді. 
«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» демекші, шаңырағының ұйтқысына айналған ақ жаулықты ананың  отбасына бақыт, береке тілеп, бала-шағасының ортасында ақылман әже атанып, ұлт тәрбиесінің қазынасы болып аман-есен жүре берсін деген ақ тілегімізді білдіреміз. 


Алтынай СЕЙТКЕН.
Балқаш ауданы.