"БАРАР ЖЕРІМ ЖОҚ": БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНГЕН ҚЫЗ КӨМЕККЕ ЗӘРУ

Уақыты: 06.08.2020
Оқылды: 2014
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Бүгін редакциямызға Жанар (Евгения) есімді қыз хабарласып, көмек қолын созуды өтінді. Балалар үйінде тәрбиеленген ол қазір Талдықорған қаласында жүргенін, не тұрар жері, не ішер тамағы жоқ екенін айтты.

Қыздың аты-жөні – Чукеева Евгения Қасымеккызы. 1994 жылы 4 сәуірде дүниеге келген. Жаркент қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген. Көмек сұраған қыз өзінің ауыраяқ екенін де айтты:

– Сіздерге хабарласып жатқан себебім – көмектесулеріңізді сұраймын. Алла разылығы үшін аздап болса да қол ұшын созыңыздаршы. Карантин басталғанша жұмыс істегенмін, қазір жұмыссыз қалдым. Оның үстіне аяғым ауыр. Соның салдарынан көп жерде жұмысқа алмайды. Дәл қазір не басар тауым, не барар жерім жоқ, – деген Евгения қаладағы «Nur Otan» мен әкімдікке де барғаннын айтты. – Олар Аналар үйіне бар деді. Ол жаққа бару үшін коронавирусқа байланысты анализ тапсыруым керек екен. Оған менің мүмкіндігім жоқ. Қайда барып, анализ тапсыру керектігін білмеймін.

Қыздың ұлты - қазақ, алайда құжатқа орысша есім жазылып кеткен. Балалар үйінде оны барлығы Жанар деп атапты. Қиын жағдайға тап болған қызға қазіргі таңда уақытша болса да тұратын жерін реттеп, күнделікті тамағына, азық-түлігіне қол ұшын созу қажеттігі туындап тұр.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»